Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 184 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
184-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

 Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде: 

1) шешім қабылданған күн; 

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы; 

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы; 

4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі; 

5) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны; 

6) шағымның мәні; 

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.
Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 184-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ