Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 225 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Салық кодексi
225-бап. Жылдық жиынтық кіріс

1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады.

Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 651-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.

2. Мыналар салық салу мақсаттарында кіріс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) акционер алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ эмитент-заңды тұлға шығарған акцияларды осы эмитент акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

3) қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлестерін немесе олардың бір бөлігін сатып алу кезінде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ өзінің пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушы жүргізген оны сатып алуға және (немесе) жарғылық капиталға жарналарды төлеуге жұмсалған шығындар сомасынан аспайтын мөлшерде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

4) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;

5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін – өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдар сомасы;

7) егер жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алынған тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тауарды осындай алу күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауардың құны;

8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық міндеттеменің мөлшерін азайту сомасы;

9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуда кіріс деп танылатын, активтер және (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты туындайтын кіріс;

10) бөлінбеген пайданың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен ұлғайтылуы;

11) міндеттеменің бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мөлшері мен бухгалтерлік есепке алуда танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде танылуына байланысты туындайтын кіріс;

12) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания үшін – осындай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық кірістер;

13) алыс-беріс шикізатынан бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндірген тұлға үшін – осындай тұлғаның алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акциз төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау есебінен алынуға жататын (алынған) өтем сомасы;

14) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдар;

осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны;

15) бар болған жағдайда, осы Кодекстің 234-бабында көзделген асып кету ескеріле отырып, осы Кодекстің 270-бабының 8-тармағына сәйкес топтың құндық балансын азайту жүргізілген сома шегінде алынған сақтандыру төлемі;

16) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай көрінісі);

17) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жеке тобын қалыптастыру мақсаттары үшін есепке алынуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығаруынан түсетін және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі кіріс;

18) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс;

19) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;

20) осы Кодекстің 243-бабының 8-тармағына сәйкес алынған мүліктің оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

21) аяқталмаған құрылыс объектісінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сыйақының төленуге жататын (төленген) сомасы шегінде азайтатын, осындай объектінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын, алынуға жататын (алынған) сыйақы;

22) жергілікті атқарушы органдардан электр беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде қабылдаған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерінің құны;

23) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;

РҚАО-ның ескертпесі!
24) тармақша 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
24) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде активтерді өтеусіз алуға байланысты туындайтын, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі;

РҚАО-ның ескертпесі!
25) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
25) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес:

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан активтерді өтеусіз беру туралы шарттың талаптарына сәйкес активтер сомасы

мен олардың әділ құнының арасындағы оң айырманың амортизациясына байланысты туындаған, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі;

26) мемлекеттік меншіктен өтеусіз берілген, алынған техногендік минералды түзілімдер.

Ескерту. 225-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 225-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ