Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу



Ст. 244 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:  

1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;  

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;  

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.  

2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi. 

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды тасуы, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталған орын халықаралық тасымалдау басталған орын деп танылады. 

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағына, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, оның көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) әкелген көлік ұйымы жүзеге асыратын тасымалдау халықаралық тасымалдауға жатады. 

3. Осы баптың мақсаттары үшін:  

1) жүктерді тасымалдау кезінде:  

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;  

халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты; 

әуе көлігінде – қағаз жеткізгіште жазылған жүкқұжат немесе электрондық нысандағы әуе жүкқұжаты; 

теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты; 

көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен (аралас тасымал) транзиттеу кезінде – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент); 

магистральдық құбыр жүйесі бойынша: 

есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация; 

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi; 

шот-фактуралар;  

2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде:  

автомобиль көлігімен:  

тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;  

тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі;  

теміржол көлігімен:  

Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;  

халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;  

теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;  

әуе көлігімен:  

бас декларация;  

жолаушы манифесі;  

карго-манифест;  

лоджит (орталық-тиеу кестесі);  

жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады. 

4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді. 

Ескерту. 244-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...242 243 244 244-1 244-2 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 244-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы