Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер



Ст. 254 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Мыналар бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;

2) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткiзген;

3) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;

4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;

5) мыналар:

ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді өткізген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ескерту. 254-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...253 253-1 254 255 256 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 254-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы