Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 356 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.05.2018

ҚР Салық кодексi
356-бап. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер

1. Жеке табыс салығын есептеуді және бюджетке төлеуді жеке тұлға: 

1) осы Кодекстің 321-бабының 1) – 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша – осындай кірістерді салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алған жағдайда; 

2) осы Кодекстің 321-бабының 13) – 18) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша дербес жүзеге асырады. 

2. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын, шетел валютасымен алынған (алуға жататын) кіріс кіріс алуға жататын күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.

Статья 1 ...354 355 356 357 358 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 356-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ