Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 358 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.05.2018

ҚР Салық кодексi
358-бап. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу

1. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда кейінен көрсете отырып, салықтық кезеңде алынған кірістер бойынша жүргізіледі. 

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда кейін көрсетіле отырып, әр айдың қорытындысы бойынша бір айда алынған кірістер бойынша жүргізіледі.  

2. Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық салынатын тиісті кіріс түрінің сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.  

3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдерінің шеңберінде салық салынатын кірістер боыйнша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді. 

4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын (төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша есептелетін салықтан басқа) есептеуді осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып жүргізеді.  

5. Жеке табыс салығының бюджетке төлеуге жататын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: 

жеке табыс салығының осы бапта көзделген тәртіппен есептелген сомасы, 

алу 

жеке табыс салығының осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы, 

алу 

корпоративтік табыс салығының осы баптың 6-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы. 

6. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға азайтылады:  

1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына енгізілген, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан аз болатын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасына және резидент осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады; 

2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама: 

Сш = К х (Км – Мт)/100 %, мұнда: 

Сш – осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық; 

К – дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған кіріс немесе салық салынатын кіріс; 

Км – 10 пайыздан аз болатын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында ұстап қалған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі); 

Мт – бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға тиіс пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі). 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі, егер резидент-жеке тұлға осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесінен көп болса, пайдаланылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент-жеке тұлғада мынадай: 

бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын резиденттің ұстап қалғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударғанын растайтын; 

бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістің немесе салық салынатын кірістің енгізілуін растайтын шет тілде (қазақ немесе орыс тіліне міндетті аудармасымен) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың); 

осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген (осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы қолданылған жағдайда) құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.

Статья 1 ...356 357 358 359 360 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 358-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ