Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi



Ст. 361 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. 

2. Салық кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады. 

3. Төлеуші осы Кодекстің 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептеуді осы Кодекстің 359 және 360-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді. 

4. Төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді. 

Ескерту. 361-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


Статья 1 ...359 360 361 362 363 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 361-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы