Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
396-бап. Салық салу объектiсi



Ст. 396 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы: 

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері; 

1-1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері; 

2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар; 

3) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер; 

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;  

5) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады. 

1-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады. 

2. Мыналар:  

1) осы Кодекстiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;  

2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;  

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:  

бұрылу белдеуi;  

жолдардың конструкциялық элементтерi;  

жол жағдайы мен оны абаттандыру;  

көпiрлер;  

өткерме жолдар;  

виадуктар;  

жол тарамдары;  

тоннельдер;  

қорғаныш галереялары;  

жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;  

су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;  

жол бойындағы орман алаптары;  

желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;  

4) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында, 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi; 

5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар; 

6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар; 

7) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері; 

8) концессия объектiлерінің құны 50 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда, иелік ету, пайдалану құқықтары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды. 

Ескерту. 396-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...394 395 396 397 398 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 396-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы