Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 407 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Салық кодексi
407-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай әдістердің бірімен: 

пропорционалды әдіспен; 

салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындайды.  

2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын мынадай тұлғалар бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындауға құқылы:  

1) кепіл мүлкін (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;  

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

2) мыналарды: 

осындай банктен активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепіл мүлкін (тауарды); 

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осындай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын ұйым; 

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

3) мыналарды:  

бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепіл мүлкін (тауарды);  

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы;  

4) мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша – лизинг беруші. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналымның мақсаттары үшін шеккен шығындар ретінде қарастырылады;  

5) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша – ислам банкі; 

6) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша – қосылған құн салығын төлеуші; 

7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды қалған қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 394-бабының 15) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.  

3. Өткізу бойынша айналымдары осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылатын объектілер салуды жүзеге асыратын тұлға: 

осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдар мен өзге айналымның мақсаттары үшін; 

әрбір құрылыс объектісін салу процесінде – осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағын және 410-бабын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.  

Өзге айналым бойынша қосылған құн салығын осындай төлеуші осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.

Статья 1 ...405 406 407 408 409 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 407-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ