Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
432-бап. Патент құнын есептеу



Ст. 432 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:

1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.

Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.

3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.

5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Ескерту. 432-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi


Статья 1 ...430 431 432 433 434 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 432-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы