Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
434-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі

Ст. 434 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруды салықтық тексеру жүргізбей жүзеге асыруды білдіреді. 

2. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынған, салықтық мониторингте кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күнге салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар. 

Осы тармақшада көзделген талаптарға сәйкес келетін салықтық мониторингке жататын, салық төлеушіні бөлу, бөліп шығару, қайта құру арқылы қайта ұйымдастырған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді. 

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық мониторингке жататын, осы тармақта көзделген талаптарға сәйкес келетін салық төлеушілерді біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырған кезде, егер біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді. 

Салық мониторингіне жататын салық төлеуші заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес біріктіру немесе қосу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді. 

Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде: 

біріктіру және (немесе) қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі салық мониторингіне жататын салық төлеуші болып табылса және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе; 

біріктіру және (немесе) қосу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, осы тармақтың төртінші бөлігінің ережелері қолданылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың алтыншы бөлігінің осы редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).

Осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер тізбесінің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады. 

Бұл ретте:  

ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер үшін – есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың жетінші бөлігінің үшінші абзацы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

3. Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.
Статья 1 ...432 433 434 435 436 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 434-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ