Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 451 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
451-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт

1. Мыналарды: 

1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 45-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;  

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. 

Осы Кодекстің 441-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады. 

Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді; 

3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. 

2. Мынадай тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады: 

1) осы Кодекстiң 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) – 13) және 15) тармақшаларында көзделген. 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде осы тармақшада көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды; 

2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын. 

Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарға ілеспе құжаттар, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады; 

3) инвестициялық келісімшарт шеңберінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: 

шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілген; 

әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші қызметті инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана талап қою мерзімінің шегінде пайдаланатын шикізат және (немесе) материалдар. 

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап үздіксіз бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген активті пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі. 

Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады; 

4) мынандай шарттар сақталған кезде: 

көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса; 

құрамдастарды өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамдастарының. 

3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады. 

4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг алушысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақы қосылған құн салығынан босатылады. 

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде: 

1) тауарлар арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылса; 

2) еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аяқталса; 

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы. 

Ескерту. 451-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...449 450 451 452 453 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться