Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
488-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi



Ст. 488 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейді.  

2. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешiктiрмей бюджетке төлейді.  

3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi. 

Ескерту. 488-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...486 487 488 489 490 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 488-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы