Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
492-бап. Жалпы ережелер



Ст. 492 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.  

2. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.  

3. Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.  

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады. 

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, орналастырудың нақты кезеңі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады. 

Ескерту. 492-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...490 491 492 493 494 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 492-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы