Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
503-бап. Жалпы ережелер



Ст. 503 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:  

1) ағаш дайындау;  

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;  

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;  

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);  

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:  

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;  

аңшылық шаруашылығы қажеттерi;  

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану. 

6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің егілетін материалын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану. 

2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.  

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.  

4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер: жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi. 

Ескерту. 504-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...501 502 503 504 505 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 503-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы