Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегiсалық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату



Ст. 52 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады. 

2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде: 

1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда; 

2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда; 

3) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады. 

Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...51-2 51-3 52 53 54 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы