Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
529-бап. Төлемақы төлеушiлер



Ст. 529 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Ескерту. 529-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...527 528 529 530 531 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 529-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы