Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
535-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы мөлшерлемелері



Ст. 535 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:

1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 30 пайыз;

3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 500 пайыз;

4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;

заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;

5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 30 пайыз.

Некені бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;

6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

7) тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 пайыз;

8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;

9) төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз;

10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемесінің 50 пайызы;

11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыздардан – 500 пайыз;

12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретін iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 10 пайыз, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 3 пайыз;

13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 500 пайыз;

14) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

15) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

16) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.

1-1. Мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

Бұл ретте мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану жолымен айқындалады.

2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Ескерту. 535-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...533 534 535 536 537 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 535-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы