Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 621 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
621-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады: 

1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде: 

Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары;  

мыналарға: 

Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер; 

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

шетелдік инвесторларға; 

этникалық қазақтарға; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар; 

2) мыналарға: 

Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге; 

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

этникалық қазақтарға; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; 

шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға; 

шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін; 

3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін. 

Ескерту. 621-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...619 620 621 622 623 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться