Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 97 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
97-бап. Жалпы ережелер

1. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды салық органдары салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады. 

2. Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

3. Салық төлеушінің жеке шоты ұлттық валютада жүргізіледі.  

4. Мыналар:  

салық төлеуші салықтық есептілікте; 

салық органдары – осы Кодекстің 493, 514 және 532-баптарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;  

уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша айқындаған сома (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы болып табылады.  

5. Салық органы: 

салықтық тексерудің нәтижелері бойынша; 

салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша; 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақтың төртінші абзацы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуы бойынша тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша ұсынған мәліметтері негізінде айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы болып табылады.  

6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қолдану мақсатында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі де қосылған құн салығының сомасын азайту болып табылады.  

7. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі. 

8. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдың барлық немесе жекелеген түрі бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені мұндай өтінішті салық органы тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде береді.

Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 97-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ