Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)



Ст. 98 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.  

2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.  

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...96 97 98 99 100 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 98-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы