Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
11-1-бап. Банктер мен банк холдингтерінің еншілес ұйымдары және банктер мен банк холдингтерінің капиталға қомақты қатысуы

1. Банк және банк холдингі өздеріне осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады. 

Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті - банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды. 

Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтеріне қолданылмайды. Көрсетілген банк холдингтері еншілес ұйым құрылған не еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері немесе дауыс беретін акциялары сатып алынған жағдайда, заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды еншілес ұйымның құрылғаны немесе сатып алынғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

Еншілес мекемені құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке оның осы Заңға сәйкес өзіне қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды сатып алуымен байланысты қолданылмайды. 

Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

2. Қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құруды немесе олардың капиталына қатысуды қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларға ие болуға, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес. 

Бұл шектеу осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген және өздеріне бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған және оларға бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге қолданылмайды. 

Банктің еншілес ұйымына: 

1) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулерді сақтаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін кепіл ретінде қабылдаған жағдайда олар банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар; 

2) жарғылық капиталына банктің қатысуы осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғалар; 

3) акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін осы Заңның 52-9-бабында белгіленген банктік операцияларды жүзеге асырған кезде ислам банкі сатып алған заңды тұлғалар жатпайды. 

3. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтерінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес. 

3-1. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады. 

4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар: 

1) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда – еншілес ұйымның құрылтай құжаттары; 

2) еншілес ұйым құрылған жағдайда, оны құру туралы шешім не еншілес ұйымды иеленген жағдайда, оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда), сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда – лицензияның көшірмесі; 

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат; 

4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет. 

Банкте банк холдингі болмаған жағдайда: 

осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға; 

егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат; 

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қойылатын талаптары айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары; 

6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат; 

7) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы есепті кезеңге қаржылық есептілігі; 

9) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы: 

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін; 

банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті; 

банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті; 

заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті; 

банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер қоса берілуі қажет; 

Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын жағдайларға қолданылады; 

12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

13-1) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат; 

14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса берілуі қажет. 

5. Банк және (немесе) банк холдингі соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы. 

6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға: 

1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы; 

2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі; 

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі; 

4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы; 

5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау; 

6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі; 

7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы; 

8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымда осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9), 14) және 15) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы; 

9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау; 

10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қойылатын осы Заңның талаптарын банктің, банк холдингінің сақтамауы; 

11) уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде банктің және (немесе) банк холдингінің залал шеккен қызметі негіздер болып табылады. 

7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. 

Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті. 

Банк ашуға рұқсаттар алу шеңберінде берілген еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды. 

8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс. 

10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. 

11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі. 

Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап: 

1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне; 

2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге; 

3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды. 

Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдар капиталына қомақты қатысуына уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді. 

Банкке немесе банк холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. 

12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады. 

Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. 

13. Уәкілетті орган: 

1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған; 

2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады. 

Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды. 

13-1. Уәкілетті орган: 

1) еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған; 

2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметі қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу нысанында) немесе таратылу жолымен тоқтатылған; 

3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған; 

4) банкте және (немесе) банк холдингінде ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған; 

5) осы Заңның 17-1-бабы 18-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес банк холдингінің мәртебесіне ие болуға уәкілетті орган берген келісімнің күші жойылған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды. 

Уәкілетті орган банктің, банк холдингінің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттармен қоса берілген өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жоюға негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті органның банк холдингі мәртебесіне ие болуға берілген келісімінің күші жойылған күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі. 

13-2. Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, банк және (немесе) банк холдингі осындай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардың өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынастары жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. 

Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді." 

14. Осы баптың талаптары: 

1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайларына; 

2) мына талаптардың бірін орындаған кезде: 

банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді; 

3) олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды. 

15. Егер банк холдингі еншілес қаржы ұйымын құрған немесе иеленген не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай уәкілетті орган береді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады. 

16. Егер банктің еншілес ұйымды немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуды сатып алуы банктің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың кепіл ретінде қабылдаған акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін өз меншігіне айналдыруы нәтижесінде орын алған жағдайда, уәкілетті орган банкке қадағалап ден қою шараларын қолдану шеңберінде белгілеген мерзімде, банк уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатын алуға міндетті. 

Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10‑1 11 11‑1 11‑2 12 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться