Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстанның Даму Банкi туралы
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері



Ст. 5 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178



Даму Банкі:

1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;

 2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;

3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;

4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;

4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;

 5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;

6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;

7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;

8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға;

 9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға құқылы.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178