Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстанның Даму Банкi туралы
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары



Ст. 7 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178



Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды: 

 1) қарыз операцияларын: резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарымен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;

2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;

3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;

4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;

5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;

 6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін жобалар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;

 7) ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру бойынша агенті болуы кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау кезінде банк шоттарын ашуды және жүргізуді;

8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;

 9) Даму Банкінің өтімділігін тарту мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;

10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;

11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;

12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;

14) лизингтік қызметті;

15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;

16) өз мүлкін жалға беруді;

17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;

18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;

19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178