Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу



Ст. 15 Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы



1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын ("А" санаты) жүргiзуге; - он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi ("С" санаты) жүргiзуге, бұған "Д" санатына жататындары кiрмейдi; - кемiнде үш жыл жүргiзушiлiк стажы, оның iшiнде кемiнде бiр жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бiр жасқа толған адамдарға – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын ("Е" санаты) жүргiзуге. 2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады. 3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнәраты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi бiлiм мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi. 4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртiбiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi. 5. Көлiк құралдарының "А" және "В" санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi. 6. Адамдарды көлiк құралдарын жүргiзу құқығына емтихандарға жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктердi беру тәртiбiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган белгiлейдi.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы