Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
11-бап. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы міндеттері



Ст. 11 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



Жүзеге асырылатын қызметіне сәйкес өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы):

1) Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

2) химиялық өнімнің өмірлік циклі сатыларындағы қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;

3) осы Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына химиялық өнімнің және оның өмірлік циклі процестерінің анықталған сәйкессіздігі туралы уәкілетті органдарға хабарлауға;

4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтатуға;

5) тұтынушыларға және уәкілетті органдарға олардың талап етуі бойынша химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпарат беруге;

6) уәкілетті органдарға мемлекеттік бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты: химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын, тіркеу туралы куәлікті, сәйкестік сертификатын немесе декларацияны, техникалық сипаттағы басқа да құжаттар мен мәліметтерді (жоспардан тыс тексеру кезінде) беруге;

7) химиялық өнімнің қатерін міндетті түрде бағалауды жүзеге асыруға (адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық заттардың зиянды әсерлерін, олардың зиянды әсерінің таралу аясын айқындауға) міндетті.  
4-тарау. ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ
ТАЛАПТАР

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302