Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Химиялық өнімді жіктеу



Ст. 5 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



1. Химиялық өнімді жіктеу адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қолдану мақсатында жүргізіледі.

2. Химиялық өнімді жіктеу химиялық заттар қауіптілігінің түрлері мен санаттары бойынша жүзеге асырылады.

3. Химиялық өнім өндірілу және қолданылу процесінде мынадай қауіп түрлерін:

1) өрт қаупін;

2) жарылыс қаупін;

3) коррозиялық активтілікті;

4) уыттылықты төндіруі мүмкін.

4. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін қасиеттері бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлінеді:

физикалық-химиялық қасиеттері бойынша:

1) жарылғыш заттар;

2) тез тұтанатын газдар;

3) тез тұтанатын сұйықтар;

4) тез тұтанатын қатты заттар;

5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;

6) уытты заттар;

7) коррозиялаушы заттар;

уыттылық қасиеттері бойынша:

1) күшті әсер ететін улы заттар;

2) улы заттар;

3) зиянды заттар;

4) күйдіргіш заттар;

5) көздің және (немесе) терінің кілегей қабықшаларының тітіркенуін туғызатын заттар;

6) сенсибилизациялайтын әсері бар заттар;

адамның денсаулығына ерекше әсер етуі бойынша:

1) канцерогендер;

2) мутагендер;

3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететін заттар;

қоршаған ортаға әсер етуі бойынша:

1) қоршаған сулы орта үшін қауіпті заттар;

2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіпті заттар.

5. Химиялық өнімнің санаттары, қауіптілік түрлері және химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ақпарат химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.

6. Химиялық өнімді сынаудың критерийлері мен әдістері, оның физикалық-химиялық және уыттылық қасиеттері, адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға ерекше әсері химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес айқындалады.

7. Химиялық өнімді химиялық заттардың санаттары бойынша
жіктеуді өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) оны
нарықта орналастыру үшін тиісті құжаттарды ресімдеуі кезінде көрсетеді.  
2-тарау. ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302