Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
6-бап. Уәкілетті органдар



Ст. 6 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



1. Мыналар уәкілетті органдар болып табылады:

1) индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган;

2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті орган;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;

4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

6) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган;

7) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті орган;

8) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган;

9) көлік саласындағы уәкілетті орган;

10) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган.

2. Уәкілетті органдар химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асырады.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302