Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
17-бап. Тамақ өнімдерін орау, буып-түю және таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Ст. 17 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Тамақ өнімдері олардың айналымы кезінде қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етілетін тәсілдермен оралуға және буып-түйілуге тиіс.

2. Құжаттарда, жадынамаларда (қосалқы парақтарда), этикеткаларда, контрэтикеткаларда, кольераткаларда, құлақшаларда, жапсырмаларда (стикерлерде) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген ақпараттан басқа, тамақ өнімдерінің түрлері ескеріле отырып:  

1) азық-түліктің тамақтық және биологиялық құндылықтары;  

2) мақсаты және қолдану шарттары (арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері үшін);  

3) тамақ өнімдерін дайындаудың тәсілдері мен шарттары (тамақ өнімдерінің концентраттары мен жартылай өнімдері үшін);  

4) сақтау шарттары және жарамдылық мерзімдері;  

5) тамақ өнімдерінің дайындалған күні, айы, жылы;  

6) құрамы туралы, соның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы және олардың саны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде мәліметтер көрсетілуге тиіс.  

3. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі былайша көрсетіледі:  

1) "дейін тұтынылсын";  

2) "дейін жарамды".

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301