Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
19-бап. Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Ст. 19 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Тамақ өнімдерін өткізуге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі сауда объектілерінде ғана жол беріледі.  

2. Егер тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілсе, оларды өткізуге болмайды және тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.  

3. Әкелінетін елдің заңнамасында, стандарттарында өзгеше талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан әкетілетін (экспортталатын) тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.  

4. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі куәландырылған құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301