Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қайырымдылық туралы

Қайырымдылық туралы
28-бап. Меценаттық қызмет объектілері



Ст. 28 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ




Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:

 1) ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт объектілері, тарихи және этномәдени ескерткіштер, сондай-ақ аталған салаларда жұмыс істейтін не оларды дамытуға үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар;

2) Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шет елдегі медициналық мекемелерде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар;

3) ақылы білім алу және (немесе) кәсіби қабілеттерін арттыру үшін атаулы стипендияларға мұқтаж адамдар;

4) авариялардың және (немесе) дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен және кезек күттірмейтін қайырымдылық көмекті қажет ететін қайырымдылық объектілері;

5) басқа да объектілер меценаттық қызмет объектілері болып табылады.


Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ