Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) демеуші – демеушілік қызметті жүзеге асыратын тұлға;

2) демеушілік қызмет – демеушінің осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;

3) демеушінің атын көпшілікке танымал ету – іс-шараны қаржыландырғаны және (немесе) материалдық-техникалық қолдағаны үшін көрнекі және (немесе) дыбыстық нысанда демеушінің жеке аты (атауы), оның тауарлары, тауар белгілері, жұмыстары, көрсететін қызметтері туралы ақпарат тарату;

4) ерікті қайырмалдықтар – пайдаланушыларға олардың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күнтізбелік жыл ішінде бір мәрте берілген, тұлғалардан түскен ақша, сондай-ақ өзге де мүлік;

5) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз не жеңілдетілген шарттармен филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;

6) қайырымдылық бағдарламасы – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі;

7) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық жасаушымен жасалған шарттың негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қайырымдылыққа қатысатын жеке тұлға;

8) қайырымдылық гранты – пайдаланушыға қаржылай көмек көрсету үшін бөлінетін, нысаналы пайдаланылуы есеппен расталатын ақша;

9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат;

10) қайырымдылық көмек – пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту үшін жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жасаушы:

жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;

демеушілік көмек түрінде;

жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымға;

қызметін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалатын әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға өтеусіз негізде беретін мүлік;

11) қайырымдылық ұйымы – осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;

12) меценат – меценаттық қызметті жүзеге асыратын тұлға;

13) меценаттық қызмет – меценаттың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;

14) нысаналы капитал (эндаумент) – қайырымдылық жасаушы капиталдың бастапқы мөлшерін сақтау шартымен қайырымдылық көмекті жүзеге асыруға бағыттайтын қайырымдылық жасаушы капиталының бастапқы мөлшерінен түсетін инвестициялық кіріс;

15) пайдаланушы – әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде қайырымдылық көмек алатын тұлға;

16) филантроп – филантропиялық қызметті жүзеге асыратын тұлға;

17) филантропиялық қызмет – филантроптың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі.

Статья 1 2 3 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ