Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
6-бап. Мемлекет және қайырымдылық



Ст. 6 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



 1. Қайырымдылық субъектілерінің және пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді.

2. Қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық жасаушылардың заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.

3. Пайдаланушының қайырымдылық көмек алуы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көмектің, төлемдердің немесе жеңілдіктердің қандай да бір басқа түрлерін шектеуге немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды.

4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады.

5. Мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы бекіткен қайырымдылық бағдарламасына біржақты тәртіппен өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқылы емес.

6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ