Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 123 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
123-бап. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары

Осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтармен қатар, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың сондай-ақ: 

1) өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне; 

2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына; 

3) осы Кодекстің 126-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға; 

4) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге; 

5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға; 

6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға; 

7) қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге; 

8) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне; 

9) тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.

Статья 1 ...121 122 123 124 125 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 123-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV