Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 144 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
144-бап. Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы

1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкін. 

2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі және осы шығыстардың мөлшері екіжақты келісім бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, ай сайын төленуге тиісті алиментті төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді. 

3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды күтіп-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын міндеттеуге құқылы.
Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 144-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV