Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығыстарға қатысуы



Ст. 146 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV




1. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертігуі, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу қажеттігі, оны медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастыру және басқалары) болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкін. 

2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін ескере отырып айқындайды. 

3. Қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшері тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін, мұндай келісім болмаған жағдайда дау сот тәртібімен шешіледі. 

20-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ
АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ


Статья 1 ...144 145 146 147 148 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 146-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV