Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 185 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.06.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
185-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою

1. Азаматтық хал актілерінің жазбасы: 

1) сот шешімінің негізінде; 

2) мүдделі адамдардың өтініші бойынша; 

3) жойылуға жататын бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайтадан жазылған жазбаны тапқан тіркеуші органның бастамасы бойынша жойылуы мүмкін.  

2. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою туралы өтініш сотқа немесе өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы жойылуға жататын акт жазбасының сақталу орны бойынша тіркеуші органға беріледі. 

3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою, жойылуға жататын жазба жасалған жер бойынша жүргізіледі.
Статья 1 ...183 184 185 186 187 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 185-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV