Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 239 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны

1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. 

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды 238-баптың 4-тармағы негізінде мемлекеттік тіркеген жағдайда, өтініш осы өтінішті берген жұбайдың тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі. 

3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеуді некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. 

4. Қазақстан Республикасы азаматының некесін (ерлі-зайыптылығын) бұзуды мемлекеттік тіркеу шет мемлекеттің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
Статья 1 ...237 238 239 240 241 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 239-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV