Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 46 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
46-бап. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіздер

1. Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға және азаматтық алуға құқығы, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, өз ата-аналарын білуге құқығы және олардың қамқорлығына құқығы болады. 

2. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері баланың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді. 

3. Бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне негізделеді.
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV