Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
23-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру

Ст. 23 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда, егер:  

1) аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мерзiм iшiнде кәсiби ұйым өз өкiлдерiн консультациялық органның құрамына жiбермесе;  

2) соңғы үш жыл iшiнде жүйелi түрде (үш реттен көп) аккредиттеу ережесiн бұзса;  

3) уәкiлеттi органға өзi және өзiнiң қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;  

4) уәкiлеттi орган ескерту жасаған себептердi екi ай мерзiм iшiнде жоймаса немесе әкiмшiлiк жаза қолданылған болса, кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды.  

2. Кәсiби ұйым, сертификаттау жөнiндегi ұйым уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Статья 1 ...21 22 23 24 25 26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234