Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төтенше жағдай туралы

Төтенше жағдай туралы
14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар



Ст. 14 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.

2. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының негiзiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілмей Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мынадай мiндеттердi орындау үшін:

1) төтенше жағдай енгiзiлген жерге кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн сақтауға;

2) ерекше режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердi, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауiп төндiретiн объектiлердi күзетуге;

3) арнайы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттерi орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;

4) заңсыз қарулы құралымдар қызметiнiң жолын кесу iсiне қатысуға;

5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және адамдар өмiрiн құтқару iсiне қатысуға қолданылуы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мақсатында ғана төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге тартылады.

4. Осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібіне және шектерiне қатысты бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...12-1 13 14 14-1 15 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387