Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төтенше жағдай туралы

Төтенше жағдай туралы
13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының өкiлеттiктерi



Ст. 13 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жердiң комендатурасы өзiнiң төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегі қызметiн жергілiкті атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

Жергілiкті жердiң комендатурасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын комендант және жергілікті жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар негізге алына отырып айқындалады.

Комендант – Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Мемлекеттік комиссия құрылған кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Мемлекеттік комиссияның төрағасына бағынады.

Жергілікті жердің коменданты болып:

шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өту кезінде; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттену кезінде; терроризм актілері; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттер кезінде; қарулы бүлік; диверсия кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің;

жаппай тәртіпсіздік; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдар; экстремистік топтардың жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз қарулы құралымдардың дайындалуы және әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің;

қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі тағайындалады.

2. Төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердiң коменданты:

1) өз өкiлеттiктері шегiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ iшкi iстер органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауы мiндеттi төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;

2) жеке тұлғалардың белгiленген мерзiмде белгiлi бiр жерден кетiп қалуына шектеулер енгiзедi, сол жергілікті жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушы адамдарды солардың есебiнен өздерінің тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жергілікті жерден тыс жерлерге шығарып жiбередi, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;

3) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде орын жеткіліксіз болған жағдайда төтенше жағдай режимін бұзған, ұсталған адамдарды ұстаудың қосымша орындарын айқындайды;

4) ұйымдардың басшыларын өз мiндеттерiн, коменданттың бұйрықтары мен өкiмдерiн тиiсiнше орындамауына байланысты төтенше жағдайдың қолданысы кезеңiнде жұмысынан шеттетедi;

5) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану қажеттiгi туралы ұсыныстармен Қазақстан Республикасының Президентiне жүгінеді және осы шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізеді;

7) тиiстi жергілікті жердiң тұрғындарын төтенше жағдай кезiнде қолданылатын, енгiзiлген шаралар мен уақытша шектеулердi орындау қажеттiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;

8) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың барлық отырыстарына қатысуға және өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы;

9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердің комендатурасы жанынан журналистердi аккредиттеуді жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Жергілікті жердің комендатурасы жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

4. Төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердiң комендатурасын құру көрсетілген аумақта жұмыс iстейтiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қызметiн тоқтатпайды.

5. Төтенше жағдай енгізілген аумақта төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жердің коменданты өз өкімімен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, орталық мемлекеттік органдардың төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерінің қолданылуын режим кезеңінде тоқтата тұруға құқылы.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...12 12-1 13 14 14-1 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387