Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төтенше жағдай туралы
3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар



Ст. 3-4 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387




1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдары пайдаланыла отырып, мемлекеттік органдардың бұрын бекіткен жоспарларына сәйкес, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі мемлекеттік органдармен бұрын келісілген және жергілікті атқарушы органдар бекіткен жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.

2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер:

1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;

2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілерін және құралдарын пайдалануды шектеу;

3) қоғамдық тәртіптің сақталуын, мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді және халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілерді күзетуді күшейту;

4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру;

5) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, күшті әсер ететін химиялық және улы заттардың саудасына шектеу қою немесе тыйым салу, дәрілік заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымына ерекше режим белгілеу қолданылуы мүмкін.

3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарының шекараларын жедел штабтың басшысы айқындайды. 
2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың
шарттары, негіздері, тәртібі


Статья 1 ...3-2 3-3 3-4 4 5 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-4-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387