Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
20-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайларды жою жөнiнде бiрiншi кезекте  жасалатын iс-қимыл



Ст. 20 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Бұрын бекiтiлген жоспарларға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта отырып, уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен бiрлесiп жергiлiктi атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдарды ұйымдастырады.

Бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимыл кезiнде халықты төтенше жағдай аймағынан уақытша көшiру, ұйымдардың қажеттi материалдық- техникалық ресурстарын жұмылдыру iсi жүргiзiлуi мүмкiн, авария, зiлзала немесе апат болған объектiнiң жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимi өзгертiледi, адамдардың жүрiп-тұруы мен жүктердiң тасымалдануына шектеу (карантин) енгiзiледi, мүмкiн болатын құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртiп пен объектiлердi қорғау қамтамасыз етiледi.

Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды жою басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төтенше жағдайларды сыныптау негiзiнде айқындайды.

 Жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн реквизициялау жөнiндегi iс-шаралар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимыл туралы жоспарда көзделедi.

Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.06.15 N 563, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы