Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 19 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Балалар ауылының әкiмшiлiгi, тәрбиеленушi-балалардың кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында, оның iшiнде соттарда, бұған арнайы өкiлеттiктерi болмаса да, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға әрекет ететiн заңды өкiлi болып табылады.

2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган әкiмшiлiк пен балалардың мүдделерi арасында қайшылықтар бар екенiн анықтаса, әкiмшiлiк балалардың мүдделерiн қорғауға құқылы емес. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың мүдделерін білдіруші етіп тәрбиеші-ананы тағайындауға тиiс.

3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөнiндегi жұмысы туралы қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бiр рет есеп берiп отыруға тиiс.

 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113