Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру



Ст. 13 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн. 

2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының және өздерi болатын елдердiң заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын iс-әрекеттер жасаған жағдайда олардың дипломаттық дәрежесі төмендетiлуi немесе олар дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн дипломатиялық қызмет органдары жүйесiнен босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi сонымен бiр мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен де айырылады.

Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломатиялық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.

 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
4-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299