Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
25-бап. Кепілдік беру қорының міндеттері мен функциялары



Ст. 25 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Кепілдік беру қорының негізгі міндеттері: 

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету; 

2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 

3) үлестік тұрғын үй құрылысының нарығын ынталандыру мақсатында жүзеге асырылатын өзге де міндеттер болып табылады. 

2. Кепілдік беру қоры негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды орындайды: 

1) құрылыс салушының және оның уәкілетті компаниясының Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі өтінімін қарайды; 

2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға, пайдалануға қабылдауға және үлескерлерге тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді беруге кепілдік береді; 

3) инжинирингтік компанияның есептеріне талдау жүргізеді; 

4) кепілдік жарналары есебінен кепілдік жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастырады және басқарады; 

5) Кепілдік беру қорының құзыретіне жататын мәселелер бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 

6) осы Заңда айқындалған міндеттерді орындау үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ