Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жол жүрiсi туралы
27-бап. Жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту



Ст. 27 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту жолдарда жаяу жүргіншілердің, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың жүру бағыттарын өзгерту, жүруіне уақытша тыйым салу немесе уақытша шектеу енгізу, оның ішінде көлік құралдары, өздігінен жүретін машиналар қозғалысының жылдамдығын, олардың массасын, білікке түсетін жүктемені, габариттік мөлшерлерін шектеу арқылы жүзеге асырылады.

2. Жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту:

1) жол жүрісі қауіпсіздігіне, оның ішінде жеке адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнген;

2) жолдардың сақталуына қатер төнген;

3) жол-көлік оқиғалары;

4) атмосфералық ауа химиялық және өзге де заттар концентраттарының жол берілетін шекті нормативтерінен артық ластанған;

5) дүлей зілзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары;

6) бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізгенде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында не көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірген;

7) егер теміржол өтпелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмеген;

8) жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген;

9) терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шаралары жүргізілген;

10) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын алдын алу және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілген;

11) жолдардың конструктивтік элементтері жай-күйінің көрсеткіштері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық нормаларына сәйкес келмеген;

12) мыналар:

жолдардың нормативтік өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында ақылы қолжетімділікті қамтамасыз ету;

белгіленген уақытта көлік құралдарының белгілі бір санаттарының кіруіне шектеу қою немесе тыйым салу;

жүк және транзиттік көлік құралдарының жүруін шектеу арқылы нормативтен артық жүктеме болған;

13) мынадай:

айрықша мақсаттағы автомобильдермен ілесіп жүрген кезде;

ұйымдастырылған автобус колонналарының;

әскери колонналардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда енгізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жолдарда көлік құралдарының жүруіне уақытша тыйым салу немесе оған уақытша шектеу енгізу туралы шешімді жол иелері уәкілетті органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қабылдайды.

4. Жол иелері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде бұл туралы жол жүрісіне қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шұғыл шаралар қолданады.

5. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстардың жүргізілуін шектеу немесе оған тыйым салу жөнінде шаралар қолдануға құқылы.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...95 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V