Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
34-бап. Пайдаланылып жүрген көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандыру



Ст. 34 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жолаушылар мен багажды, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын М және N санатындағы пайдаланылып жүрген көлік құралдары шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, М және N санатындағы пайдаланылып жүрген көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жарақтандыру ерікті негізде жүзеге асырылады.

М санатындағы көлік құралдарына кемiнде төрт дөңгелегi бар және жолаушылар тасымалдау үшiн пайдаланылатын механикалық көлiк құралдары жатады.

N санатындағы көлік құралдарына кемiнде төрт дөңгелегi бар және жүктерді тасымалдауға арналған механикалық көлiк құралдары жатады.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V