Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
44-бап. Жолдарда жол сервисі объектілерін жайластыру



Ст. 44 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жолдарды жобалау, реконструкциялау, салу және пайдалану кезеңінде:

1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын және мүгедектерге келуіне басқа азаматтармен тең жағдайлар жасайтын арнайы техникалық құралдармен, бейімдемелермен жабдықтауды ескере отырып, жол сервисі объектілерін жобалау нормаларына, салу жоспарларына және оларды орналастырудың бас схемаларына сәйкес жолдарды көрсетілген объектілермен жайластыруды қамтамасыз етеді;

2) жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, жол сервисі объектілерінің жұмысын ұйымдастырады;

3) жол жүрісіне қатысушыларға жол сервисі объектілерінің бар-жоғы және жақын жерде денсаулық сақтау және байланыс ұйымдарының орналасуы туралы ақпарат, сол сияқты тиісті жол учаскелерінде жүрудің қауіпсіз жағдайлары туралы ақпарат береді.

2. Жол сервисінің объектілері мен инженерлік коммуникацияларды жолдардың және жол құрылыстарының шегінде орналастыру жолдағы көру мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген жол жүрісі қауіпсіздігінің басқа да жағдайларын нашарлатпауға тиіс.

Статья 1 ...42-1 43 44 45 46 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V